Өлеңдер ✍️

  10.05.2022
  141


Автор: Жүрсін Ерман

Экспромт

Шаянның бойы – шалғынсыз,
Шалғынсыз жерде шалғы үнсіз.
Шаянның бойы–салқынсыз,
Салқын-сыз белде шал да үнсіз.
Шал да үнсіз,
үнсіз жеңгей де,
Үнсіздік жетті деңгейге.
Үнсіздік тілеп тұрушы ең
Үдерген көңілім сен кейде.
Үндемей енді сен де қал,
Үдерер жоқ-ау менде амал.
Қалауын таппай қалғанда
Қиналған көңіл кембағал.
Шаянның бойы шалғынсыз,
Шалғы үнсіз,
жеңгей, шал да үнсіз.
Күлкісін шашып жібермей
Қарашаш ол да қалды үнсіз...
Апыр-ай,неткен салқынсыз,


Сұп-суық бейне алтынсыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу