Өлеңдер ✍️

  10.05.2022
  428


Автор: Гүлбақыт Қасен

Менің туған күнімде

Менің туған күнімде
Тілек тәтті, ой тәтті,
Жақсы тілек оятты.
Ең алғаш боп құттықтаған бір өзің,
Таң нұрымен аялады гүл сезім.
Менің туған күнімде
Аппақ арман әдемі,
Әлдиледі, ән берді.
Өзек болса өлең-жырға ақ тілек,
Жүрегімде бейнең тұрды бақ тілеп!
Менің туған күнімде
Күн де, ай да арайлы,
Нұрға бөлер маңайды.
Салтанатын тарту етіп тамаша,
Өмір белес жол салады жаңаша.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу