Өлеңдер ✍️

  10.05.2022
  329


Автор: Гүлбақыт Қасен

20 жылдық кездесу

Өмір сырғып,
уақыт зырғып болашаққа барады,
Ашылады өткен күндер парағы.
Алыстаған жиырма көктем, жиырма күз,
Шәкірттерге сағынышпен қарады.
Алтын бесік
кел-кел десіп, шақырады біздерді,
Мектептегі өмір неткен, ізгі еді?
Ақ бантикті шаштан тартып қалатын,
Тентек ұлдар ұяң қызды іздеді.
Қағаз атқан,
сан жылатқан қиқарлар жоқ, қараңыз,
Алшақтапты бала күнгі арамыз.
Бор мен тақта, парта есте сақталар,
Ұстаздарға шәкірт болып қаламыз.
Кездесуге,
жүздесуге асық болып келеміз,
Жарқын мақсат, армандарға ереміз.
Ой толысқан, өмір-өзен ағыста,
Тербеледі тағдыр атты кемеміз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу