Өлеңдер ✍️

  10.05.2022
  365


Автор: Гүлбақыт Қасен

Ұлағатты жан

Алтын ұя мектебіне оралар,
Қанат қаққан қарлығаштар кешегі.
Құшақ толы гүлдеріңмен орап ал,
Қателігін Ұстаз ғана кешеді.
Нұр құятын жанды аңсап жетеді,
Ақыл ойы толысса да арнаға.
Шәкірт жүрек қарыздар боп өтеді,
Дәл өзіңдей ақыл айтар бар ма адам?
Еркелігін анасындай көтерген,
Жетекшісі шәкірттердің ардақты.
Ұлағатты жан емессіз бекерге,
Өнегелі сөздерің зор салмақты.
Жүрегесің соғып тұрар мектептің,
Білім нәрін құйған мәңгі санаға.
Арман толы мақсаттарға жетпек кім,
Лайықты кім өзің қойған бағаға?
Өмір беріп жатқанымен сабағын,
Күнделігін кілең беске толтырмас,
Ешкім сендей бағып шәкірт қабағын,
Мейірленіп бастап сипап отырмас.
Алтын ұя сағынады бесігін,
Түлектері мектеп атты кеменің.
Ұлықтайтын Ұлы ұстаздың есімін,
Білім теңіз айдынында келемін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу