Өлеңдер ✍️

  10.05.2022
  101


Автор: Гүлбақыт Қасен

Асқар асу биігінде

Жаны ізгі жан едіңіз Жетісудың төрінде,
Бүгін, міне, биіктесіз жебеп жүрер көгімде.
Жақсылықтың нұрын құйып санамызға жүретін,
Текті атаның ұрпағысыз түбін білген тегінде.
Ізгі жандар ізді жалғап келе жатыр тәп-тәуір,
Асқар асу биігінде Әуелхандай атты ауыл.
Алатаудың ар жағынан ұрпағыңды қолдап жүр,
Шаңырағың биіктеуде, аманатты ақтады ұл.
Ел есінде ерен еңбек, жарқын істер жарқылы,
Ағайын да сағынады ет жүрегі жақынын.
Өнегелі ізбасарлар орнын тауып келеді,
Ғибратты, өрісі кең салған жолың арқылы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу