Өлеңдер ✍️

  10.05.2022
  117


Автор: Гүлбақыт Қасен

Өзегімде өртенбесін гүл арман

Биік болып көрінгенмен арманым,
Бұл өмірден аз екен ғой алғаным.
Несібеңе шүкір етем,
ЖАРАТҚАН,
Болашақта бұйырарсың қалғанын.
Сынақ бердің көтерер деп иығым,
Сәл қуантсаң иманымдай ұйыдым.
Тірлігіме тәубе етем,
ТӘҢІРІМ,
Алыс әкет тағдырымның құйынын.
Отын жақтым Өмір атты орданың,
Қай кезде де Құран болды қорғаным.
Жүрегіммен сиынатын
Бір Аллам,
Сүйген құлың жыламасын қолдағын!
...Өзегімде өртенбесін гүл арман!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу