Өлеңдер ✍️

  10.05.2022
  85


Автор: Гүлбақыт Қасен

Сағындым сенбіні

Ақ ару періштем,
Өмірдің сен гүлі.
Уәделі келіскен
күндердің ішінде...
Сағындым сенбіні!
Қос өрім бұрымды,
Жүректің сен гүлі.
Бейнеңдей бұрынғы
күндердің ішінде...
Сағындым сенбіні!
Әсемдік әлемі,
Махаббат теңдігі.
Кештері әдемі
күндердің ішінде...
Сағындым сенбіні!
Танытқан пейілін,
Құшақтың кеңдігі.
Төгілген мейірім
күндердің ішінде...
Сағындым сенбіні!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу