Өлеңдер ✍️

  10.05.2022
  100


Автор: Гүлбақыт Қасен

Ақ ұлпа қар

Ақ ұлпа қар...
риясыз менің көңілім,
Тілектес адал жандарға.
Қас-қағым сәт қой өмірің,
Айналып кетер арманға.
Ақ ұлпа қар...
құларсың, жерге сіңерсің,
Кіршіксіз ақтық жойылар.
Ажалды қайдан білерсің,
Қармүсін бар ма қойылар?
Ақ ұлпа қар...
ауада қалқып тұра бер,
Әдемі өрнек сақталсын.
Қара жер тоймас, құба бел,
Жамылып мамық мақтасын.
Ақ ұлпа қар...
Қалықта, мәңгі қалықта,
Нұр болып төгіл еліме.
Алақан тосам жалықпай,
Бақыттың мұзы еріме!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу