Өлеңдер ✍️

  10.05.2022
  100


Автор: Гүлбақыт Қасен

Он сегіз жас

Он сегіз жас өрге қия бастырған,
Ер жігітті ақылымен бас қылған.
Жалындаған албырт сезім, махаббат,
Он сегізде қыз жүрегін мас қылған.
Тамыз айы қандай ғажап керемет.
Ойладым ба он сегізге келем деп?
Кәмелеттік жасқа толып мен бүгін,
Ойға баттым болашаққа елеңдеп.
Бар дүние қызық болып кеткендей,
Бүгін менің төбем көкке жеткендей,
Он сегіз жас ақ сеніммен жүк артар,
Қадам басам жаңа өмірге сескенбей.
Иә құрбым, он сегізге келіппін,
Сәби етер қиялыма еніп кім?
Қалар бәрі, еркелік пен балалық
Жүруші едім лағындай боп еліктің.
Он сегіз жас шыңы болған өмірдің,
Жыры болған жас жүректің, көңілдің,
Құдай менің ақ жолымды оң қылсын,
Он сегіз жас жырым болып төгілдің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу