Өлеңдер ✍️

  10.05.2022
  127


Автор: Гүлбақыт Қасен

Махаббат жыры

Сол бір мезет тылсым тыныш түн еді,
Сазды үндер махаббаттың үні еді.
Жұлдыздардан нұрлы сәуле тамады,
Жүректерде сұлу сезім гүлдеді.
Күлім қаққан, балбұл жанған жүздері,
Түнгі алаудан от сезімді іздеді.
Қол бұлғайды бақыт таңы арайлы,
Жетелеген адал сенім ізгі еді.
Бір-біріне қарай берді қос ғашық,
Алған олар баяғыда-ақ достасып.
Көз жанарын мәңгілікке байлайды,
Орта жолдан кетпес үшін қоштасып.
Екі ғашық адалдықтан жаралған,
Табиғаттан тартуы мол нәр алған.
Айға қарай асықтырар мақсаттар,
Жүректерде тұнып жатыр сан арман...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу