Өлеңдер ✍️

  10.05.2022
  122


Автор: Гүлбақыт Қасен

Шаңырақтың иегері

Үлкен бір шаңырақтың иегері,
Риза боп азаматын сүйеді елі.
Жігер, күш, арман, мақсат болмаса егер,
Дәлме-дәл атқан оғың тиер ме еді?
Әлі де қажыр керек, қайрат керек,
Абырой құнсыз болса кімге керек?
Қасиет – тектілік пен дарындылық,
Тамыры терең кеткен дәу бәйтерек.
Басыңда ырыс, құт пен бақ, дәулетің,
Тұлғаң зор, тірегісің бір әулеттің.
Еңбек пен қанағатта болар байлық,
Жанұя-жұмағыңды мәуелі еткін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу