Өлеңдер ✍️

  10.05.2022
  632


Автор: Гүлбақыт Қасен

Аяулы ана, ардақты әке

Аяулы Анам, Ардақты Әкем – алтын арай!
Бақыт құсы самғасын Сізге қарай.
Әр жылдың асуынан еркін асып,
Сәтті қадам басыңдар жүзге қарай!
Аяулы Анам, Ардақты Әкем – қия шыңдар!
Біз үшін мәңгі жылы ұясыңдар.
Шұғыла шуақ төктің, айналаңа,
Тамаша мінездерде ұнасым бар.
Аяулы Анам, Ардақты Әкем – шалқар әнім!
Сіздер барда қуанып, шаттанамын.
Дарытқан өнеге іс, тәрбиемен,
Тербеледі толқындай бақ талабым.
Аяулы Анам, Ардақты Әкем – жұлдыздарым!
Өмірдің көрсетпеген бір ызғарын.
Тілейді ұзақ ғұмыр, тек амандық,
Ұяңнан түлеп ұшқан ұл-қыздарың.
Аяулы Анам, Ардақты Әкем – бал қаймағым!
Алғыс айтар сендерге ел-аймағың.
Ғасырға жетіңіздер қол ұстасып,
Мәртебең биік болсын, бақ таймағын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу