Өлеңдер ✍️

  10.05.2022
  347


Автор: Гүлбақыт Қасен

Ерлік істер

Ақын елміз даламызда жыр ескен,
Батыр елміз Абылайдай ұл өскен.
Ел бірлігін сақтап қалған бабалар,
Елі үшін, жері үшін күрескен.
Бейбіт күнде ізбасарлар ерсін де,
Ер намысын қолдан оңай берсін бе?
Найзасына үкі таққан халықтың,
Батырлары мәңгі халық есінде.
Игі істер ұмыт болып қалмайды,
Ерлік жолын ұрпақ ізі жалғайды.
Батырлықтың бек үлгісін бұл күнде,
Ақыл оймен нұрлы елге арнайды.
Ерлік істер мәңгі есте сақталар,
Бейбіт күнде ел сенімі ақталар.
Ұлы жеңіс мәңгі жеңіс әкелсін,
Тарихымыз ел жадында жатталар.
Естеліктер – тарих сыры, жұлдызы,
Қалықтайды жүрегімде жыр құсы.
Бас иеді тағзым етіп ұрпағың,
Жалындаған Жетісудың ұл-қызы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу