Өлеңдер ✍️

  10.05.2022
  90


Автор: Гүлбақыт Қасен

Тағы да шындық

Шындық айтса отты көзбен қадалдың.
Тіліп айтса шырылдатып жан алдың.
Жайын бір сәт ойладың ба, адамдар,
Ары таза, жаны жүдеу жандардың?
Адамдар-ай,
бар ма шара, басқа амал,
Неге жетім қалу керек жас бала?
Бұғанасы қатпай жатып жығылып,
Уызына жарымаса масқара!
Әлі емдеп, жаза алмадық тіл дертін,
Өз қазағым біле алмай жүр міндетін.
Туған тілде егер сөйлей алмасаң,
Өз анаңа көрсетпеген құрметің.
Адамдар-ай,
асқар таудай талабы,
Жалған сөзден көңіл семіп қалады.
Ұрпағымыз ұлтшыл болып өссе екен,
Ащы шындық Тілден бастау алады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу