Өлеңдер ✍️

  10.05.2022
  105


Автор: Гүлбақыт Қасен

Өлі дүние

«Нашақорлық, індет жайлап сананы,
Күннен-күнге саны өсіп барады»,-
деп қария мұңға батып күрсініп,
Жас жігітке ақыл айтты:
- Қарағым,
Заман қандай, сен қандай?
Ұрпағымсың бағы қашқан, сормаңдай.
Қу басыңа не жетпейді, айтсаңшы?!
Бұл өмірде бәрін көріп болғандай.
Бір қолыңа шарап алдың азғандай,
Темекіні тартып болдың тозғандай.
Әке-шешең осы екеуі сияқты
Құшақтадың ішкі дертті қозғамай.
Соңындасың бүгін міне, шөлмектің,
Ине сұқтың тамырыңа өлмепсің,
Тар қапаста тұншығасың, тарылып
Тағдырыңда тағы нені көрмексің?
Не ойладың өзіңді-өзің еккенде,
Өкінерсің содан зардап шеккенде.
Ине – досың, жақсылықтан безесің
Бәрі де кеш торға түсіп кеткенде.
Жанашыр жоқ сүйеу болар қасыңда,
Серік еттің есірткіні жасыңда.
Шөл далада жалғыз өзің қаласың,
Болмаса егер торғайдай ми басыңда.
Деп қария бәрін айтты жігітке.
Түсінерлік ой жоқ еді жігітте.
Елестеді көз алдына бас сүйек
Өлі дүние – ауа, су жоқ тас түнек.
Деп қария бәрін айтты жігітке.
Түсінерлік жоқ еді ой жігітте.
Елестеді көз алдына бас сүйек,
Өлі дүние – ауа, су жоқ тас түнек.
Тұра алмады, қарт сөзіне жүгермек,
Жас жігітке жетпей тұр-ау жігер бек.


Ақылды болса азамат
Ары боп мәңгі өтер ем,
Ақылсыз болса азамат
Қайғысын қалай көтерем?
Білімді болса азамат
Бас ұрар едім жығылып,
Білімсіз болса азамат
Намыстан өлем булығып.
Саналы болса азамат
Серігі болам жалғанда,
Санасыз болса азамат,
Арманда өтер арманда...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу