Өлеңдер ✍️

  10.05.2022
  72


Автор: Гүлбақыт Қасен

Наурыз тойы

Наурыз тойы –
жаңа жыл құтты болсын,
Шаңыраққа ырыс-құт, шаттық толсын.
Ұлыс күні оң болып, ақ көбейіп,
Әз Наурызда еліме бақыт қонсын.
Наурыз тойы дәстүрді жалғастырсын,
Жаңа жылын ақ қыстың алмастырсын.
Қыдыр ата аралап,
Өнерлі ұл-қыз,
Жарапазан ән-жырын арнап тұрсын.
Күнім есен, Ай аман аттап енсін,
Ел бірлігі нығайып арта берсін.
Ақ тілектер Алланың ақ нұры боп,
«Әумин» деп қариялар бата берсін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу