Өлеңдер ✍️

  10.05.2022
  135


Автор: Гүлбақыт Қасен

Көкірегі ояу азаматқа

Жүрсе өзіңді намыс оты мазалап,
Көзіңді аш, көкірегі ояу азамат!
Салт- дәстүрді жаңғырт, тілді қастерле,
Қайрат, жігер серпін қажет басты ерге.
Ту ғып ұста ана тілді қолыңа,
Биік рухты серік еткін жолыңа.
Қазақ болып туғаныңды ұмытпа,
Туған жерді, өз ұлтыңды ұлықта!
Жеткіз жұртқа ел мұрасын ғажайып,
Бара жатыр жәдігерлер азайып.
Тасқа қашап жазған терең тарих бар,
Тәлімді ұрпақ тегін таныр, байыптар.
Қазағымның ән-жыры бар, күйі бар,
Санаң берік, көкірегіңе құйып ал.
Өсер елдің азаматы марқасқа,
Заңғар ойлы, болсын сөзі алдаспан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу