Өлеңдер ✍️

  10.05.2022
  122


Автор: Гүлбақыт Қасен

Тіл сарайы

Тіл сарайы – Тәуелсіздік тартуы,
Жетісудың қасиетті тұмары.
Тілге деген шын құрметтің артуы,
Ұлылардың биік рухы, ту, ары.
Тіл сарайы – Тәуелсіздік жемісі,
Бақ тілеген бабалардың арманы.
Алтын ғасыр ұрпағының жеңісі,
Асыл сөзін, жауһар жырын арнады.
Тіл сарайы – Жетісудың сәулеті,
Асқақтатты мәртебесін тілімнің.
Ырысы мол қазағымның дәулеті,
Ана тілі – бастауы бар білімнің.
Тіл сарайы – Жетісудың ордасы,
Билік айтар өз тілінде қазақтың.
Мәңгілік ел рухы бізді қолдасын,
Мәңгілік Тіл өзің барда азатпын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу