Өлеңдер ✍️

  10.05.2022
  111


Автор: Гүлбақыт Қасен

Тілім менің

Тілім менің – баға жетпес ырысым,
Тілім менің – ақтық демім, тынысым.
Тілім менің – ғасырлардың маржаны,
Бізге жеткен бабалардың үнісің.
Тілім менің – кәусар бұлақ тасыған,
Тілім менің – алтын астық басылған.
Тілім менің – кең даланың байлығы,
Ұрпағына жақұт болып шашылған.
Тілім менің – әсем жиһаз үйілген.
Тілім менің – қыздың сыры түйілген.
Тілім менің – ауыз екі өлең-жыр,
Домбыраның шанағына күй ілген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу