Өлеңдер ✍️

  10.05.2022
  240


Автор: Гүлбақыт Қасен

Шабыт

Шабыт бүгін шалқып тұр ғой, қарағым,
Мен өзіңе ынтызар боп барамын.
Көңіл бағын әдемі оймен көмкеріп,
Гүл сезімге толтырдың жыр парағын.
Шабытыңа шабыт қоссын ақ жауын,
Көкірекке нұрын құйып ал, жаным.
Әрбір тамшы жыр бұлаққа айналсын,
Мен қалаймын бақытыңның жанғанын.
Шабытыңды шарықтатсын асқақ ән,
Сенің жырың өзгешелеу басқадан.
Өрнек гүлің әдемі боп жайқалсын,
Өлеңді өр, тілгендей ғып таспадан.
Шабыт кәусар таусылмасын құйылған,
Әр сырыңда нәзік жан бар қиылған.
Өлең-жырмен үзеңгілес өмірің,
Өнер жолы – сенің жолың бұйырған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу