Өлеңдер ✍️

  09.05.2022
  129


Автор: Сабыр Адай

Құттықтаймыз

Тағысын тағы айтармыз,
Тағынтып тұмар байқармыз.
«Жиеннің қолы ашық» – деп,
Жиренді мініп қайтармыз.
Біздегі көңіл дос көңіл,
Өткен-ді өмір қо-о-ш небір.
Той жасап жатыр толықсып,
Қосайдан шыққан Қос Қоңыр.
Батаға көңіл бөлген-ді,
Тілегі көптің көлденді.
Қарындас қамшыл, Ер мінсіз,
Қос Қошақан төрге енді.
Ұғады жиен бір ұқса,
Ұл сүйіп, қызды ұлықта!
Берен қылыш, ақ найза,
Нағашың Шабай, ұмытпа!
Туыс та керек, дос керек,
Көп болсаң қайғың жоқ демек.
Береке-ырыс, құт қонып;
Жайқалып өссін қос терек!
Шашулы болсын ғұмыр-бақ,
Жыр жаздым жиен ырымдап.
Тілегі бірге Бапаңның,
Жақсыға болмас жырым жат.
Өмір ме-өмір бір нүкте,
Бақыттың мəні – бірлікте.
Сыр айтып, сырбаз той жасап,
Сыйласқан жақсы тірлікте.
Қыз болып өссін бұрымды,
Ұл болып өссін ұғымды.
Бабасы Қосай қолдасын,
Құлдырап жүрген құлынды!
Қыз жайқалсын, ұл түлеп,
Бір шалдан қалған бүршік ек.
Қарақат ақын тұр міне,
Көшкен бұлттай дүркіреп.
Кеудеде қанша арман жүр,
Сəулелі жарық, таңнан нұр.
Біреуге біреу қонақ боп,
Кететін аз күн жалған бұл.
Қалықта қалқам, шыңға шық.
Шынарлы шыңға тіл қатып.
Бергенін біліп Алланың,
Той жасау деген шын бақыт.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу