👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  09.05.2022
  26


Автор: Сабыр Адай

Мұнар мұңның жалғасы

Теңіздің теріс толқын аралымын,
Аралға жалғыз қонған, жаралы мұң.
Əкенің əлпештеген ұланы едім,
Анамның ақ сүт берген қарағымын.
Тай-құлын бауырларым балдан еді,
Бір тамыр, егіз бұтақ талдан еді.
Сегізін сертке байлап тастап кетті,
Бесеуін берген Құдай алған еді.
Түнерген түрі жаман екіндінің.
Неде болса қияға бекінді күн.
Басына ата-анамның келіп тұрып,
Жанымның сездім алғаш жетімдігін.
Құлын ем, жібек баулы желіден ем,
Мұз болып мың қайтара еріген ем.
Еңкілдеп ерке ғалам көзін сығып,
Езіліп жылап тұрды меніменен.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы