Өлеңдер ✍️

  09.05.2022
  129


Автор: Сабыр Адай

Тіршіліктің мәні мен сәні

Бəрі туыс адамзаттың қаны бір,
Бəрі ақын азаматтың жаны жыр.
Менің жаным,
Сенің жаның бір туыс,
Жан біткеннің зары бір.
Бір бесіктен өсіп өнген жандармыз,
Бір Аллаға қолды жайған арманбыз!
Иманды құл
Бəрімізде бір жан бар,
Бөліп-бөліп кеудемізге салғанбыз!..
Барлық адам –
Бір-ақ туыс , бір-ақ құл,
Құлдан Құдай сол бірлікті сұрап тұр.
Он сегіз мың ғалам туыс, бір тұтас,
Қайдан түскен ұрыс-керіс сызат кіл!?
Дүниені
Қайта тату қылмақ боп,
Жер бесігім, аспан анам жылап тұр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу