Өлеңдер ✍️

  09.05.2022
  120


Автор: Сабыр Адай

Ару көрсең..

Ару көрсең сүйген жақсы, сағынған,
Тоты құсқа кез келгендей бағыңнан.
Ер жігіттің бір аңсары сол сұлу,
Кірпігіне жұлдыздарды тағынған.
Ару көрсең жан шипасы деп білгін,
Аялай біл тек құрбым.
Сұлу деген – бұл ғаламның тірегі,
Бұл жырымды жер-жаһанға жеткізгін.
Ару көрсең көңіліңмен жөргекте,
Қамқор болған, ер көпке.
Ер жігіттің жан сусары, жан шөлі,
Тек сұлулық жайнап тұрсын, жер-көкте.
Ер жігітке содан артық жоқ қызық.
Ару көрсең алма тұстан өткізіп.
Айды таңға, Ал аруды үйіне,
Түн асырып сала көргін жеткізіп.
(Бола көрме тек бұзық?!)




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу