Өлеңдер ✍️

  09.05.2022
  199


Автор: Сабыр Адай

Ақ сұңқар

Мен жерде сен қияда ақ қыраным,
Шарқ ұрып көкке ұшуға шақ тұрамын.
Кетсем-ау көкті бойлап елден жырақ,
Қош айтып таудан бұлақ, көлден құрақ.
Қол созып мың періште аспан жақтан,
Мұңнан бұлт, жырдан жиһаз жастап жатсам.
Түн қатсам найзағайдан шырақ жағып,
Туған жер – туған ұлын тұрар бағып.
Сағынсам ақ жаңбыр боп егілермін,
Таппассың атажұрттың көгінен мін.
Қайран ел қайда барам көгендемін,
Таусылар татар дəмім, сенен демім.
Ақ қанат, күміс қияқ сұңқарларым,
Сендерге менің мəңгі іңкəр жаным.
Қараймын қара көзім қарыққанша,
Білмеймін біз көретін жарық қанша.
Тіл қатшы қыз қабақ ай, мұз балақ түн,
Мен сені өліп-өшіп жырламақпын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу