Өлеңдер ✍️

  09.05.2022
  115


Автор: Сабыр Адай

Аман болсын

Өшіп жатыр күн біткеннің бедері,
Жыр күткенмін ішім толы шер еді.
Жанарымда жауар-жаумас мұң-дертті,
Жаза алмадым тірліктемін себебі.
Тірі күнді кеміреді өлі дерт,
Өміріңнің өтті-кетті көбі деп.
Қорымдарды көрсетеді көк аспан,
Сен жататын қара жердің төрі деп.
Құлын едік елбіреген, құлпырған,
Тұлым едік желбіреген нұр тұнған.
Ойнаған тең кетіп жатыр келмеске,
Орман тектес селдіреген жұртымнан.
Қош жапырақ сары күздің құрбаны,
Сары уəйім сарнау өлең бұл дағы.
Аман болсын жасыл майса, көк майса –
Туған елдің қыздары мен ұлдары.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу