Өлеңдер ✍️

  09.05.2022
  139


Автор: Сабыр Адай

Жоқтық туыс тажалмен

Ау салып, ескек тартып, қайық мініп,
Жарлының жатыр сырын Жайық біліп.
Басынан балықшының таяқ кетпес
Аз ғана несібесін айып қылып.
Жағаға қайық тоқтап қалжырады,
Қос ескек қос білектей салбырады.
Жоқтықтың тырнағымен көзін ойып,
Талбойын балықшының талдырады.
Көзінен көп пенденің азар көрем,
Жоқтықтың түбі туыс тажалменен.
Ішінде қара тордың жалғыз сазан,
Жарқылдап алысады ажалменен




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу