Өлеңдер ✍️

  09.05.2022
  127


Автор: Сабыр Адай

Жұмақтың самалындай

Сен мені көктем еттің
Көгілдір бақ.
Көзіңде тұрушы еді өмір жырлап.
Ай кетті, арман кетті
Күн мұңайды
Қараймын, қалжыраймын көңіл құрғап.
Таппадым сырғалы жан
Күміс маңдай.
Қарға емес, қазға біткен жүріс қандай.
Жұмақтың самалындай
Сен жүрген жақ
Көркіңнен күллі əлем тыныстардай.
От менің оранғаным
Саған мəлім.
Аралап кетсем бе екен ғалам бағын.
Сен, əлде, жүр ме екенсің
Дəл қасымда,
«Аһ» ұрып ай мен күнге алаңдадым.
Қайдасың,
Жан арманым!?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу