Өлеңдер ✍️

  09.05.2022
  86


Автор: Сабыр Адай

Өткенге барамыз

Болашақтың қолыменен ашармыз, өткен шақтың қақпасын.
Құдай өзі сақтасын.
Қақпа ішінде қарғыс толы дəуір боп
Астан-кестен ақтарылып жатпасын.
Өткен – құлып, болашақ та кілті бар,
Ойлан пендем, іркіл ал.
Қайта ұшып жылдамырақ уақыттан
Құмарынан мынау көңіл бір шығар.
Өткен күннің алтын қақпа есігін,
Ашып көрсек несі мін.
Ал көрейік би-төремен, батырын
Жəне, тағы жетім менен жесірін.
Болашақта біз өткенге барамыз,
Қайта түлеп жаңғырады санамыз.
Жеңе білсек тартылыс пен уақытты
Өткен күннің бір парағын табамыз.
Кешір Алла!
Сендік сырда шек бар ма!
Не демейді біз секілді көп қарға.
Əлде бізді арбасынан түсіріп
Уақыт кенет тоқтар ма?!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу