Өлеңдер ✍️

  09.05.2022
  162


Автор: Сабыр Адай

Сақтану мен тақтану

Сен алданба, дұшпан өзін алдасын.
Жоқты мақтап дұшпан тағар барға сын.
Сақтану мен мақтанудың арасы,
Өлім менен өмір сынды жап-жақын.
Сақтан балам!..
Сол сақтық та жол қамы.
Мақтан құртқан небір сарай, орданы.
Көзіңізше көп мақтаса дұшпаның
Бір көтеріп отқа салмақ болғаны.
Солай айтқан біздің халық көреген.
Дұшпан үшін төр төңкеріс, көр өлең.
Көрде жатып қолын бұлғар саған да
«Па, шіркін-ай, бауырмалдық не деген!?..»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу