Өлеңдер ✍️

  09.05.2022
  130


Автор: Сабыр Адай

Несі бар мақтанатын

Жалғанның бізде білдік ақ-қарасын.
Білген соң көлеңкеңнен сақтанасың.
Бесікке бес қонақтап
Дəурен сүрдік
Несі бар мақтанатын, ақталатын.
Біз кеше сəби едік іңгалаған.
Сүт берген, уыз қатып жырдан анам.
Үзіліп бет моншағы
Өткен күннің,
Қыздай боп қылымсиды сырғалаған.
Анашым олда кетті бұл ғаламнан.
Елесі енді, міне, жырда қалған.
Сен емес
Мына жолы мен сөйлейін
Жүдеген жүрегімді тыңда жалған.
Мінеки, өтті өмір бұраң қағып.
Көңілім көп күбінді тұманданып.
Шырағын шындығымның
Өксік қылып
Басына өткен күннің тұрам жағып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу