Өлеңдер ✍️

  09.05.2022
  93


Автор: Сабыр Адай

Үмітке үрдің қызын телігендей

Ай көрдім,
Анау жүзден күн де көрдім,
Ай қалқам сендей жанды іздегенмін.
Бір күні қош айтысқан
Қимас жаннан
Көп артық батпаған дерт, білмеген мұң.
Нұрланып балбұл жанып ерігендей.
Ерісе күннің өзі шегінердей.
Əн созып ақ тамақтан
Қақтың қанат
Үмітке үрдің қызын телігендей
Жем-Сағыз,
Ойыл қайда сағынышым.
Мысалы өзегім өрт, жалын ішім.
Аман жүр бейтаныс бақ,
Көзтаныс жат,
Сарғайған сағыныш пен сабыр үшін.
Есен-сау жүрген болар елігіміз,
Құрғайды сені ойласақ ерініміз.
Елуді ерттеп мініп жүрсек дағы
Ай құшақ арулардың серігіміз.
Көңілге көктем сыйлап
Өмір берген
Көркем қыз ортаймасын көрігіңіз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу