Өлеңдер ✍️

  09.05.2022
  107


Автор: Сабыр Адай

Мұңсыз күннің сәулесі

Отырсың ба ойға батып мұңайып,
Қой, қалқатай, қолыңды бер, тұрайық.
Жасыл терек,
Балғын бақша өміршең,
Бізде солай күнге мойын бұрайық.
Күлкің қайда –
Күннен алған шуағын?!
Сен болмасаң су қараңғы мына күн.
Мұңаймашы
Мұңсыз күннің сəулесі,
Жүрегіме жағып алған шырағым.
Жанып тұршы
Шалықтасын жалының!
Жалыныңнан жанған күнді таныдым.
Сəулем менің
Сəл жымишы қарайын,
Жарық сөнсе жан-кеудемнің бəрі мұң.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу