Өлеңдер ✍️

  09.05.2022
  115


Автор: Сабыр Адай

Ер күліп солай сырласты

Жау кетті жерін жеп болып,
Дау кетті дерін деп болып.
Қол созып көкте «жұлдызға» –
«Тау» кетті қара бет болып.
Кірме де төбет қылшықты,
Тар жерден үріп бұл шықты.
Жүздерін бұрып құбылтып,
Құлатпақ болып ынтықты.
Ниеті жолдас күншілдің,
Қылығын көріп сілкіндім.
Ортаға түсіп несі бар –
Мына бір тексіз шіркіннің.
Хақтан да тілеп келем мен,
Ақтықтан Хаққа сенем мен.
Мысық та табан көп қырттан
Мықты жау артық дегенмен.
Ер күліп солай сырласты,
Еркелеп төбе, қыр қашты.
Бұлт болып келіп кеудемді,
Қорғасын бауыр жыр басты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу