Өлеңдер ✍️

  09.05.2022
  93


Автор: Сабыр Адай

Ойнап жүр

Көрмедім көңіл алдар бүтін жалған,
Жұтаған бақ сұрап жүр жұтылғаннан.
Көк аспан көзің соқыр, тілің мылқау,
Үндемей құтыласың құтырғаннан.
Тау біткен асқақтығын сатып жеген,
Біледі құл мойынның бəсін көген.
Босқа өткен қайран уақыт
Қалғып-мүлгіп,
Ойнап жүр біздің қазақ ғасырменен.
Жалқаудың мен де бірі желідегі,
Желігіп жел сөз айттық «Сері» деді.
Баласы ендігінің бізден де өткен
Оқуға жазған жырды ерінеді.
Одан соң кім туылмақ алашыңнан
Рухың құлап жатыр қара шыңнан.
Көк туды көкке қарай көтереді
Ақ үйлер ауызы май дарасынған.
* * *
Жан Алласын жаным тапсын, іздесін.
Жан жүрегім сізге сын.
Халық байлық – халал ерген ізінде,
Алып кетіп жатыр дейсің кім несін!?
Халық қалар сен кеткенде үзіліп,
Алды иман, ізі құт –
Болсын дейді тізіліп.
Тəн шіриді бұзылып,
Жан мекенін тапқан-ды,
Шынтағынан шың сүйеп, қолтығынан құз іліп.
Елің сенің ертеңгі күн жоқтаушың,
Дүниені қуа берме қызынып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу