Өлеңдер ✍️

  09.05.2022
  133


Автор: Сабыр Адай

Шүкірлік қылсаң нең кетті

Шашынан жұлып боз құмның,
Тойлап жүр, міне, тозғын күн.
Тамырын турап теректің,
Желкесін үзді желектің.
Түліктің басын даң қылды,
Түндікті түріп шаң қылды.
Ит қыңсылап тығылды,
Иесі аунап жығылды.
Келеден қашты кəрі үлек,
Құрбандық жаннан бəрі деп.
Зəнталақ əңгі ақырды,
Зəрезап əтеш шақырды.
308 309
Көк серке қашты бақылдап,
Көк дауыл қуды тақымдап.
Қой бастаған сорлының,
Біз көрдік сондай қорлығын
Ошақтың күлі көкте жүр,
Тарқамай көкте өкпе жүр.
Қамшылап жатыр желменен,
Жазықты болдың сен неден?
Есепсіз сөйлеп қам қылдың,
Етегін түріп бар күннің.
Құйынды дауыл құтырды,
Төбеден ұрып тұқырды.
Шүкірлік қылсаң нең кетті?
Жыртылып жаға, жең кетті.
Шалдарым беріп батасын,
Садақа шалып жататын.
«Аллажан» – десең алғыс бар!
Қанағат кетсе қарғыс бар.
Ниетің таныс Аллаға,
Өзіңді-өзің алдама.
* * *
Жан еді жарық күндей бір,
Арнадым əппақ тілдей жыр.
Ескі де қоныс, ел қайда,
Не дерін көңіл білмей жүр.
Адасып қалдым өр елден,
Жерім бір болды бөгелген.
Саңғытып аттап басымнан,
Сауысқан күлді төбемнен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу