Өлеңдер ✍️

  09.05.2022
  97


Автор: Сабыр Адай

Қабырғамды қаусытты

Көрсең ая өз ұлтынан шет ұлды,
Шетте өссең қайғы жейді етіңді.
Елің болса тақ қадірлі төріңде,
Халықсыз хан, табытсыз тəн секілді.
Хан болсаң да халықпенен хансыңыз,
Елмен қымбат нарқыңыз!
Ұлдың мəні – ұлттың қамы, жер қамы,
Ойланбаңыз,Туған елге тартыңыз?!
Аз халықты бөлшектеді, жау тапты,
Тілді тігіп, кесті қол мен саусақты.
Жалғыз-жалғыз жау күлімдеп құшақтап,
Қабырғамды қаусатты.
* * *
Аға көрдім кеттім оған сүйіне,
Көп дұшпаны үнсіз қалды түйіле.
Ақылдасу – бəрін айту емес ол,
Білмесіңді біліп қайту үйіңе.
Білген айтсын білмегендер тыңдасын,
Халық-мұхит, неге жетер бір басың.
Ашылады ақиқаттың парағы,
Тап келгенде шынға-шын мен, сынға-сын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу