Өлеңдер ✍️

  09.05.2022
  160


Автор: Сабыр Адай

Сарғалдақ

Сарғайдың білем сарғалдақ,
Сағынған жаннан əн қалмақ.
Сарғайған үміт үзілсе,
Саз болып қайта жалғанбақ.
Сарғалдақ қырдың белі дүр,
Сарғайған үміт елі жүр.
Сарсаң да кесек қу тағдыр,
Сананы жеген жегі дүр.
Сары да уыз күндерім,
Салтанат көріп жүргенім.
Сарғайып өскен гүлімді,
Сартап та қылды кім менің?
Сайлаулы уақыт беренім,
Сарбазсып саған келемін.
Сыбанған елге оқ болған
Сары да жебе мен едім.
Сарғалдақ қырдан жөнелді,
Сағынды байғұс не көрді?
Сегіз де өрім сабаумен,
Салт жүріп айттық өлеңді.
Сағана тамдар түнемел,
Сəйкі мен қайқы кілең ер.
Сүрлеуі даңғыл бөрі едім
Салтымды менің біледі ел.
Сарғалдақ өлді, сағым бар,
Сайраған тіл мен жағым бар.
Сорға бір салған тамырын,
Сораңнан ащы бағым бар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу