Өлеңдер ✍️

  09.05.2022
  136


Автор: Сабыр Адай

Жетер деп...

Даттадың ба,
Даласындай сорлы деп,
Далаң қағып болды деп.
Енді отырсын босағада обалсыз,
Ісіне сай орны деп.
Даттадың ба,
Даласындай қамсыз деп,
Қырылғанды малсыз деп.
Жалғаншыға келді-кетті несі бар,
Жатсын енді жансыз деп.
Даттадың ба,
Сондай халық, мекен деп,
... Маңдай тері бекер деп.
Атып тұрсам қайтесіңіз ұрандап,
Желкеледің жетер деп.
Даттадың ба,
Тілдің салып шаңбағын,
Бұдан өткен бар ма мұң.
Байқа, бірақ, басынғаның жөн емес,
Қасқыр жасап алмағын!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу