Өлеңдер ✍️

  09.05.2022
  233


Автор: Сабыр Адай

Шекшек ата

Ешкілердің пірі едің ғой жан баба,
Əр отарда бір-бір серке бар жаңа.
Кеміріп жүр ел мен жерді тал мүсін,
Шек десейші Шекшек ата бармысың?!..
Мүйіздерін өз еліне жаныған,
Көп ешкіден көңіліміз арыған.
Өңкей ешкі бау-бақшаны отады,
Мүйіздіден бата алып тоқалы.
Маңырайды, ашпын дейді сонда да.
Қараорманды жеп алса да ол жаңа.
Текесі бар, ұрғашысы, шыбышы,
Тал кеміру таң атқаннан бір ісі.
Мекіреніп шебер бəрі ұранға,
Шекшек ата қой десейші бұларға?!..
Ойсырады ешкілерден ортамыз,
Сасық Теке, мүйіздіден қорқамыз.
* * *
Тегене құйрық ақтылы қойдың,
Қасқырлар үшін барлығы жақсы.
Ащысын айттым қас қылып ойдың,
Сарнайды саз бен жалғыз үй бақшы.
Бақшылар сайрап, дəруіш жылап,
Бастағы заман өтеді күліп.
Заманға көңіл бағыныштырақ,
Бақшының сазы жетеді ұлып.
Қой мінез жұрттың жылауы қалмай,
Бөріден шошып бөрлігіп өлді.
Қылшықты билік қылауы бардай,
Үркініп жүріп жер қылды елді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу