Өлеңдер ✍️

  09.05.2022
  143


Автор: Сабыр Адай

Сүлік түннің суреті

Қара түннің көзінде қара сүлік,
Қарайды аласұрып.
Шолпан жұлдыз күзетке тұрып көрді,
Таң асырып.
Ай жастанып қалғыды алтын мамық,
Осылай қоштасады бар түн налып.
Ұйқыдан оянуды ұят көрді,
Қабағын əлдекімнің халқым бағып.
(Ашулы күннің көзі жалқынданып)
Оянған өлең ғана шырыл қағып,
Бағзыдан бір үн қалып.
Ескіден қалған сүрлеу бізге мұра,
Жыр жаздық, жазбасақ та, ырымдадық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу