Өлеңдер ✍️

  08.05.2022
  141


Автор: Сабыр Адай

Дұшпан дайын

Сары сандық боз құмдар,
Боз құмда жатқан боз мұндар.
Жусан болып шықтыңдар,
Жуасып қолды создыңдар.
Бетеге болып бел астың,
Ебелек болып ел астың.
Қан шеңгел қара саусақпен,
Жүрегіңді жеп астың.
Қаңбақ та болып домалап,
Тағдыр айдау, жол азап.
Қайырған малдай тобымен,
Қайғыға салды қоралап.
Маңғыстау қалды шалғайда,
Шаттанып айтар əн қайда?..
Атажұрт көзден кеткен соң,
Əдіра бəрі қалмай ма!?
198 199
Сорасын қара жанардың,
Сонасын қара ажалдың.
Соғады жүзі дауыл боп,
Соңыңнан ерген хабардың.
Босаға қалды жат кірді,
Тістеулі тілмен жақ тұрды.
Бақайдан дұшпан өрмелеп,
Басыма арқан лақтырды.
Желкесін қиды үміттің,
Желеңін тауып жігіттің.
Тағы да заман бір түрлі,
Маңдайын тасқа ұрып түн.
Қол жайдық Бабам Сіздерге,
Көптің көзі – біздерде,
Аздың көзі – Аллада,
Дұшпан дайын тіздерге.
Тізгіндеп жүріп іздерге




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу