Өлеңдер ✍️

  08.05.2022
  109


Автор: Сабыр Адай

Кім қатарға алады?

Мен саған сендім, сенем жыр,
Наркескен қылыш, берен-жыр.
Қазаққа біткен сөз өлмес,
Өлді деп тілді не деп жүр.
Салтанат кетпес төр ем бір,
Төріңді берме, өрен жыр!
Өрелі майдан, қызыл тіл,
Айдыны шалқар, көл ем бір.
Өлді деп тілді не деп жүр?!
Өлімнің өзін өлтірген,
Мəңгілік тірі кемел жыр!
Үмітім көп-ті сенен жыр.
Өлді деп сені не деп жүр!?
Қасыдым білем жараны,
Жаралы көңіл, налалы.
Өлтірсе тілді бұл Қазақ,
Ту ұстап қайда барады!?
Кім қатарға алады!?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу