Өлеңдер ✍️

  08.05.2022
  106


Автор: Сабыр Адай

Ер Хафиздің ермегіміз

Талайдың таңдап сүйдік еркелерін,
Күй едім күмбірлеген серпер едім.
Немерем енді ойнап жүр ат қып міне,
Керімсал кербездердің кертөбелін.
Шу дейді атанақтап шапқан болдым,
Əлдилеп əнге салып баққан болдым.
Өткеннің бəрін кілттеп сандықшаға,
Көңілін болашақтың тапқан болдым.
Бұл күнде Ер Хафиздің ермегіміз,
Рас па алпысқа да келгеніміз.
«Мың алғыс мырза құдай немерені,
Атасын ат қып мінер бергеніңіз!»
Бұл өзі Пайғамбардан қалған бақыт,
Болармыз болашаққа таңнан ғашық.
Келеді жақсы үміт пен тəтті қиял,
Жетелеп жең ұшынан алдан қашып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу