Өлеңдер ✍️

  08.05.2022
  118


Автор: Сабыр Адай

Жалғыз ауыз сөз

Ер үзілді шарасында кек қалды,
Жалғыз ауыз сөзін айтты тек, мəнді.
Дүниеге келмеген жан шынында,
Келгендерден бақыттырақ деп қалды.
Неге тудың гүл көктемнің бүршігі,
Деп едім Мен, көзінен жас ыршыды.
Шарап сынды ақыл-естен айырар,
Бұл өмірдің
у-лəззаты бір шыны.
Ал, ішіп қой, өміріңді сіміргін.
Достан дұшпан жасап ал да, ілінгін.
Өмір-ай деп запыранды құса сал,
Күбірле де ұшыменен тіліңнің.
Қандай қызық, базар көрдің, бақ көрдің?
Ауызына ұя салдың нақ көрдің.
Арты айқас, алды шайқас бүлінгі,
Ала майдан дүниеге тап келдім




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу