Өлеңдер ✍️

  08.05.2022
  100


Автор: Сабыр Адай

Гүл қураса

Шебер көктем гүл ұсындың алмақпын,
Гүлді құшып қалмақпын.
Сен көтеріп қолтығынан сүйедің
Жүректегі салмақтың.
Жадыраған аспан нұры қуатым,
Жылынып жүр бір ақын.
Көктем келіп жүрегінен ақынның,
Білмегенін сұрасын.
Көктеміне көп сыр айтып жеңілдер,
Жүрегіме өмір бер.
Көктем келді біздің үйге гүл алып,
Жұпар сүйген жандар болса келіңдер.
Гүл беремін, жүрегіңді тербетер,
Гүлсіз болса жер бекер.
Гүл қураса сары қарын күз келіп,
Көздің жасын селдетер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу