Өлеңдер ✍️

  08.05.2022
  89


Автор: Сабыр Адай

Дұрысын біл

Төтен ерлік ер жігітке не берген,
Əлін білмей ажал құшты, жастанды.
Жолбарыстай туысы бар дегенмен,
Мысық иттен жөн көреді қашқанды.
Кім айтады ойсыз пенде оңған деп,
Есер көрсең: «Атаң Ер» – деп есіртпе.
Менің бабам динозавр болған – деп,
Бүгін кімді қорқытады кесіртке!?..
Текті болсаң əкелерге сай болғын,
Ісін жалға, ерге серік ар-намыс!
Хақтан тіле дұрысын біл қай жолдың,
Ақ арманын алыстарға жалғап ұш!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу