Өлеңдер ✍️

  08.05.2022
  107


Автор: Сабыр Адай

Қолыңа қара

Өлтіріп жатыр,
Өрт іліп жатыр, дерт іліп,
Тел шыбық жатыр мертіліп.
Қай жаққа алып барады
Оқ жылан жолдар серпіліп.
Ажалдан алған сыбаға,
Қан құсып жатыр мына ара,
Қарауыл төбе мұнара.
Жағадан қолы кетпеген,
Бұл əлем солай тұра ма?
Естісі қайда, данасы,
Адамның азды баласы.
Жазылмай кетті жарасы.
Адамзат қолың қызыл қан,
Қолыңа бір сəт қарашы?!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу