Өлеңдер ✍️

  08.05.2022
  87


Автор: Сабыр Адай

Тамшылы

Ақсақал анау бас болып,
Артынан ердік жас болып.
Біздің тарих жылап тұр,
Тамшылы тауда тас болып.
Көзімнің жасы ұласты,
Ұл серуендеп қыр асты.
Ақкетікте Тамшылы,
Там-тұмдап маған сыр ашты.
Ақкетік, Тамшылы – қала, жер атауы (Маңғ-да).
Тістеді қанды ерінін,
Жас жуып тұрды көрігін.
Ботадай боздап емгенмін,
Аруана қырдың желінін.
Таңдайымда нəрі тұр,
Тамшылы тарих – кəрі сыр.
Көп тілінген маңдайда,
Көрер жанға бəрі тұр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу