Өлеңдер ✍️

  08.05.2022
  96


Автор: Сабыр Адай

Қазан қаласын көргенде

Самсаған мешіт сары алтын,
Жаңарсын Қазан, жаңарсын!
Жиғаның болса базарың,
Иманың болса адамсың.
Намазға салған гүл-тамыр,
Шақырып азан шырқа бір.
Əруақтар рух жайласын,
Қиылған мойын қылша бір.
Еңбек пен атқан таң алып,
Ебімен келген жаңалық.
Келеді Қазан1 бой түзеп,
Тоты да құстай таранып.
1 Қазан – Қазан қаласы.
Туысқа бізді теңеңіз,
Желкені бірге кемеміз.
Екі де жарты бір бүтін,
Сүйенісіп келеміз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу